RU

Алматы көшесінде жүйіткіген Land Cruiser бағанаға соғып, аударылып қалды (фото)

Алматы қаласында сегізінші қаңтарға қараған түні Әл-Фараби даңғылында жол-көлік оқиғасы болды. Toyоta Land Cruiser мен Mazda көліктері соқтығысып қалған деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

facebook.com/SharikVeseliy
Коллаж:facebook.com/SharikVeseliy: Facebook

Esentai Mall сауда орталығының маңында болған көлік апаты туралы Андрей Андреев есімді азамат Facebook парақшасында жазған.

Ол өзінің жазбасында Mazda көлігі жүргізушісінің сөзіне сүйеніпті. Оның жазуынша, жүргізуші ақ түсті Land Cruiser-дің біртүрлі жүріп келе жатқанын байқаған.

Жол талғамайтын көлік бір көлікті сырып өтіп, газды басып, жүйткіп келіп Mazda-ны соғыпты.

facebook.com/SharikVeseliy
Фото: facebook.com/SharikVeseliy: Depositphotos

Бірақ көлік тоқтамай, ары қарай өтіп кетіп, бағанаға соқтығып, аударылған.

Андреевтің сөзінше, жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартыпты, ал Land Cruiser жүргізушісін әртүрлі жарақат және сынықтармен ауруханаға алып кеткен.

Автор жол талғамайтын көліктің орындығында полицей көкірекшесі болғанын жазған.

facebook.com/SharikVeseliy
Фото:facebook.com/SharikVeseliy: Depositphotos

Алматы қаласының полиция департаменті жол көлік оқиғасы болғанын растады.

Қазір қылмыстық кодекстің 345 бабы екінші тармағы бойынша тергеу жүргізілуде. Сараптама өткізілген. Ал кінәліге қатысты заңда қарастырылған жазалау шаралары қолданылады.

«Осы жол апаты салдарынан жол талғамайтын көлік жүргізушісі жәбірленді. Ол ішкі істер органының қызметкері емес», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772024-almaty-ksesinde-zjitkigen-land-cruiser-baganaga-sogyp-audarylyp-kaldy-foto.html