Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалжыңдастық": Денис Теннің досы онымен соңғы рет тілдескен сәтін еске алды

Опубликовано:

Денис Теннің досы әрі «Burritogo» мейрамханасының басшысы Қайрат Кәкімжанов сот алдында жауап берді. Спортшының тамақтануға кетіп бара жатқанын көрген ер адам онымен соңғы рет кездесуі туралы айтып берді деп хабаралйды NUR.KZ тілшісі.

"Қалжыңдастық": Денис Теннің досы оны соңғы рет көрген күні туралы айтты
Денис Тен. Фото: Instagram/tenis_den: Twitter
"Сағат бірде біздің ресторанға келдім. Денистің шығып бара жатқанын көрдім. Ол шаруаларымен кетіп бара жатқанын айтты. Қалжыңдастық, жақсы көңіл-күйде болған.

Содан кейін мен ұялы телефонымды дыбыссыз күйде қалдырып, жұмысымды істедім. Сағат екілерде біздің серіктесіміз Санжар Сүлейменовтен қоңырау түсті.

Ол маған Денисті пышақтап кеткенін хабарлады. Мен бірден сол жерге жөнелдім. Бірақ мен барғанымда Денис болмады. Оны жедел жәрдем алып кетіпті.

Қызыл көйлекті қыз жүрді. Ол Денистің ұялы телефонымен қоңырау шалып жүрді. Маған да хабарласқан.

Тағы да бір куәгер болды. Ол жігіттерді жай ойнап жатты деп ойлап, Денис құлаған сәтте ғана төбелес орын алғанын түсінген.

Куәгер жүгіріп көмектестім деді. Бірақ оның киімінде қанның бірде-бір дағы да болмады", - деді Қайрат Кәкімжанов.

Оған қоса, ол "Дениске кімнен қауіп-қатер төнуі мүмкін?" деген сұраққа былай деп жауап берді.

"Оған ешкім қоқан-лоққы көрсетпеген. Тек бір рет қана ол қызының бұрынғы жігіті өзінің Instagram парақшасын қарайтынын айтты. Біз қалжыңдап, «байқа, қызғанып жүріп бірдеңе істеп қоймасын» деп әзілдескенбіз. Бірақ, бұл жай қалжың ретінде айтылды. Ол нақты қауіп-қатер дегенді білдірмейді" , - деді спортшының досы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772028-kalzydastyk-denis-tenni-dosy-onymen-sogy-ret-tildesken-stin-eske-aldy/

pixel