Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өлімі: Оқиға орнында болған полицей сот алдында жауап берді

Опубликовано:

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан кезекті сот отырысында оқиға орнында болған полицей жауап берді. Сержан Адалбай мәнерлеп сырғанаушы қаза тапқан күні не болғанын және не көргенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Теннің өлімі: Оқиға орнында болған полицей сот алдында жауап берді
Оқиға орын алған жер. Фото: prosports.kz: UGC

Тәртіп сақшысы сот алдында қайғылы оқиғаның қалай болғаны жөнінде мәлімет берді. Ол өзінің қандай әрекетке барғаны жөнінде егжейлі-тегжейлі түсіндірді.

"19 шілде күні мен қызметте болдым. Рациядан Байсейітова көшесінде адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар алдым.

Өзім Мұқанов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында болдым. Жақын болған соң, бірден оқиға орнына жөнелдім. 10 минут шамасында сол жерде болдым.

Барғанымда адам көп болды. Олардың алшақ тұруын қамтамасыз еттік.

Жедел жәрдемді күтіп алып, жарақат алған адамды салып жібердік. Одан кейін, оқиға орнын тексере бастадық. Взвод командирі бізге айналаны қарап шығуымызды тапсырды.

Жерде екі айна жатты. Олар Денистен бір метрдей қашықтықта болды. Біз ол айнаның спортшыға тиесілі көліктікі екенін анықтадық.

Мен барғанымда Денис ес-түзсіз жатты. Бір куәгер бастапқыда жігіттерді алысып жатқан болар деп ойлап қалғанын айтты. Тек спортшы жерге құлағаннан кейін, шынайы төбелес орын алғанын түсінген" , - деді Сержан Адалбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772035-denis-tenni-limi-okiga-ornynda-bolgan-policej-sot-aldynda-zauap-berdi/

pixel