Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда науқастың тісінде инесін ұмытып кеткен дәрігер масқара болды

Опубликовано:

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны тісін дұрыс емес протездегіні үшін тіс дәрігерінен қомақты қаражат өндіріп алды деп хабарлайды Ақ Жайық газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: LiveJournal
Көрнекі фото: LiveJournal: Facebook

2017 жылы маусым айында Құлсары қаласының тұрғыны тіс дәрігеріне алдыңғы төрт тісіне керамикалық коронка салдырту үшін жүгінген. Емге барлығы 52 мың теңге кетіпті.

Тісі ауырған тұрғын бірнеше күннен соң басқа тіс дәрігеріне көрінген.

Ол алдыңғы емдеу кезінде қызыл иектен тіс дәрігері ұмытып кеткен медициналық инені тауып алған.

Содан емделуші сотқа арыз береді.

"Істі қарау кезінде тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы өзара келісімге келді", - деп хабарлайды Жылыой аудандық соттың баспасөз қызметі.

Келісім бойынша тіс дәрігері арыз берушіге 500 мың теңге өтеп беруге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772039-atyrauda-naukasty-tisinde-inesin-mytyp-ketken-driger-maskara-boldy/

pixel