Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Ибрагимов көпшілік алдында өзі айтатын әннің сөзін ұмытып қалды

Опубликовано:

Majorka.kaz Instagram парақшасында Серік Ибрагимовтың өз орындауындағы әнді ұмытып қалған видеосы тарап кетті. Жеке кешінде жанды дауыста өнер көрсетпек болған әнші ұмытып қалған әуенді басынан қайта қостырған деп жазады NUR.KZ.

Серік Ибрагимовтың бұл әрекетін көрген желідегілер өнер иесінің бұл әрекетін арнайы ұйымдастырған шоуға теңеді.

"Әдейі ұйымдастырылған сияқты", "Мұндай-мұндай ханның қызында да болады", "Мынаусы ұят болыпт енді", "Өзі орындайтын әннің сөзін білмей жүргені несі?".

"Жанды дауыста ән орындайтынын көрсеткісі келген сияқты", "Мойындап тұр ғой, өзі. Ол да ерлік", "Көп әннің сөзін жаттау да оңай емес қой" деп жарыса пікір білдірді желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Ибрагимовтың әндерін "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1772050-serik-ibragimov-kpsilik-aldynda-zi-ajtatyn-nni-szin-mytyp-kaldy/

pixel