Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғызыншы қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін ынтаңызды танытып, қандай да бір істі жоспарлау үшін таптырмайтын күн. Күні бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі болуы үшін жиі күлімдеңіз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ тоғызыншы қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Kolobok.ua
Көрнекі фото:Kolobok.ua: Instagram

1. Тоқты

Бүгін өміріңізді талдасаңыз артық болмайды. Өзіңізді бақытты сезінесіз бе, әлде бақытсыз ба? Өміріңізде бір нәрсені өзгерту керек пе, жоқ па? Егер соңғы сұраққа "иә" деп жауап берсеңіз, бірден жаңа өзгерістерге қадам жасау керек.

2. Торпақ

Жаңа білім алуға талпынған дұрыс. Қажетті ақпарат сізге өздігімен келмесе, дереккөз тапқан дұрыс. Өзіңізге кемеңгер ұстаз табыңыз немесе қандай да бір курсқа жазылыңыз.

3. Егіздер

Бүгін ақпарат ағымына кіріп, өзіңізге қажетті ақпаратты таппайынша сол ағымнан шықпауға кеңес беріледі. Бірден тәжірибеге көшудің қажеті жоқ, теорияны білген де жақсы. Бірақ барлық білім кітап пен ғаламтордан табылмайды. Кейбір нәрсені әңгіме барысында үйренуге болады.

4. Шаян

Бүгін үзілді-кесілді шешім шығаруға бейім боласыз. Дегенмен орын алған оқиғалар қаншалықты жаныңызға батса да, жұлдыздар сізге кішкене сабырлы болып, мейірімділік танытуға кеңес береді.

5. Арыстан

Барлық міндетті жалғыз өзіңіз алып жүру қиынға соғады. Мұнда мәселе білімге, еңбекқорлыққа және тәжірибеге қатысты емес. Сізге біреу қолдау көрсетпесе, істің орыннан қозғалуы қиындауы мүмкін.

6. Бикеш

Бүгін барлық істе жылдамдығыңызды арттырған дұрыс. Өте мұқияттылық табиғатыңыздан дарыған қасиет болғандықтан қате жіберуіңіз екіталай.

7. Таразы

Бүгін сізді көп жетістіктер күтіп тұр. Күнделікті істерді жылдам аяқтап, күрделі келіссөздерді жүргізіп, жаңа жобаларды бастайсыз. Ең бастысы өз қабілеттеріңізді жасырмаңыз.

8. Сарышаян

Бүгін шығармашылыққа жақын боласыз. Күнделікті істердің өзінде шығармашылығыңызды паш ете аласыз. Егер шығармашылықпен айналысатын мүмкіндігіңіз болса, басқа істерді кейінге қалдырыңыз.

9. Мерген

Бүгінгі күнді оқуға арнаңыз. Қаншалықты білімді болсаңыз да, ұмытып қалған жайттар табылады, тіпті жаңа нәрсе үйрену керек шығар. Жаңа нәрсеге ашық болған жөн.

10. Тауешкі

Бүгінгі күн белсенді басталады, тіпті кешке дейін күш-қуатыңыз сарқылмайды. Бәлкім, кешке күш-қуатыңыз сарқылуы мүмкін, бірақ күні бойы көптеген шаруаны аяқтап, талай адамға көмектесуіңіз ықтимал.

11. Суқұйғыш

Бүгін көбірек адамдармен араласқан жөн. Бұл айналаңызда жақтаушыларыңызды шоғырландыруға көмектеседі. Өмір ағысы бір сарынды болғанымен, барлық ақпаратқа қуанып, оны қолдана білген де өнер.

12. Балықтар

Бүгін өз міндеттеріңізді тамаша орындайсыз, тіпті басқалардың қалауын айтқызбай орындайтын боласыз. Дегенмен, ынта танытудың қажеті жоқ. Басқалардың ісіне араласпай, тек өз міндетіңізді орындаған абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1772053-togyzynsy-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel