RU
Назарбаев дәрі бағасын реттеу туралы заңға қол қойды
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев дәрі бағасын реттеу туралы заңға қол қойды

Рассказать Вконтакте

Елбасы халықты дәрілік қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Zakon.kz хабарлағандай, заңда дәрі құнын көтерме және бөлшек саудада реттеуге бағытталған механизмдер қарастырылған.

Дәрі-дәрмектің шектік бағаларына қатысты ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және тіркелген дәрі-дәрмектердің мемлекеттік реестрінен көруге болады.

Сонымен қатар, қазақстандықтар арнайы әзірленген мобильді қосымша арқылы медициналық препараттардың бағасы шектен асқаны туралы хабарлай алатын болады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың сөзінше, бұл дәрі-дәрмекті сатып алу процедураларынан арылып, дәріні өтеу механизміне өтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, медициналық препараттың жарамдылық мерзімі бойынша сапасын қадағалау жүйесіне өту қарастырылған. Бұл экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының талаптарымен үйлесетін болады.

Заң аясында қаржы министрлігінің порталы арқылы дәрілерді электронды түрде сатып алу жүйесіне өту қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel