Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша желге ұшты: Атырау облысында қыруар қаржы жұмсалған аурухана қаңырап тұр

Опубликовано:

Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан облыстық туберкулезге қарсы аурухана бір жыл бұрын жабылып қалған. Бұрын 1 млрд 146 млн теңгеге салынған ғимарат осы күндері қаңырап бос тұр деп хабарлайды Ақ жайық газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық: Facebook

Аурухана Махамбет ауданынан 5 шақырым жерде орналасқан, қазір тек күзетші ғана жұмыс істеуде.

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің директоры Қуатжан Тұрысбековтың айтуынша, ғимараттың медициналық құрал-жабдықтары басқа ауруханаларға берілген.

Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық: Facebook

Сондай-ақ, ол ғимараттың мүгедектер үйі немече өкпесі ауыратындарға арналған шипажай болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Бұл ғимарат аудан орталығынан алыс болғандықтан, біз үшін қолайсыз. Аурухананы ауданның құрамына бергісі келген, бірақ біз бас тарттық", - деді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мардан Сейітқалиев.
Фото: Ақ Жайық
Фото: Ақ Жайық: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772057-aksa-zelge-sty-atyrau-oblysynda-kyruar-karzy-zmsalgan-auruhana-kayrap-tr/

pixel