Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та бала күтуші өлі баланы "ұйықтап жатыр" деп ата-анасына қайтарған

Опубликовано:

АҚШ-тың Висконсин штатында Марисса Титсорт есімді бала күтуші "ұйықтап жатыр" деп өлі екі айлық баланы ата-анасына қайтарған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

agushkin.ru
Көрнекі фото:agushkin.ru: Facebook

Полицияның болжамынша, әйел адам сәбидің өлі екенін білген, алайда ата-анасына хабарлаудың орнына оны жылы киіндіріп, анасына қайтарып берген. Бастапқыда нәрестенің ата-анасы ештеңе байқамаған, біраз уақыт өткеннен кейін барып, олар көліктегі сәбидің тыныс алмай жатқанын аңғарған.

Фото: WSAW
Фото: WSAW: Facebook

Тәртіп сақшылары ұл баланың ата-анасына қайтарылғанға дейін көз жұмғанын анықтаған. Бала күтуші баланың өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Бірақ сот медициналық сарапшылар баланың басынан доғал затпен ұрылған үш жараны анықтаған.

Фото:WSAW
Фото:WSAW: Facebook

Титсортқа қасақана кісі өлтірді деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті бұрын да балаларға жәбір көрсеткені үшін айыпталған. Оның қарауында қалған он бір айлық бала ауыр бас сүйек жарақатын алған. Әйел адам мұны "бала диваннан құлады" деп түсіндірген. Алайда дәрігерлер бұл нұсқаны жоққа шығарды

Титсорт бес бала тәрбиелеп, алтыншысына аяғы ауыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1772070-aks-ta-bala-ktusi-li-balany-jyktap-zatyr-dep-ata-anasyna-kajtargan/

pixel