RU
Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі өнер көрсететін топ тарап кетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кәмшат Жолдыбаеваның сіңлісі өнер көрсететін топ тарап кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Өздерінің "ұятсыз" бейнебаяндары арқылы көпшілікке кеңінен танылған "Джейран" тобы тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында "Гәкку" арнасыны Instagram парақшасында жария етті.

"Джейран" тобының тарағанын ресми түрде мәлімдейміз", - деп жазылды арнанының Instagram парақшасында.

Айта кетейік, топ осыдан бірнеше жыл бұрын Әділжан Юсуповтың продюсерлігімен құрылған болатын.

Алғашында "Джейранда" төрт қыз өнер көрсеткенімен, кейін олар үштікке ауысты.

"Джейран" тобы әсіресе "Аймалашы" атты шулы клипінен кейін ел есінде қалды. Бес млн-нан астам қаралым жинаған бейнебаян жұрттың ашуын тудырған болатын.

Айта кететіні, топтың не себепті тарағаны әзірге белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, "Джейран" тобының әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel