RU
Алматыдағы ірі жол апаты: Жүргізуші полиция департаментінің экс-қызметкері болып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыдағы ірі жол апаты: Жүргізуші полиция департаментінің экс-қызметкері болып шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы әл-Фараби көшесіндегі жол апатына себепкер болған Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі Ибраимов К., бұрын Алматы қалалық полиция департаментінің қызметкері болғанын хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Facebook/SharikVeseliy

Фото: Facebook/SharikVeseliy

Қазіргі уақытта Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшелерінің қиылысында болған жол апатына қатысты Алматы қалалық полиция департаменті Анықтау басқармасы Қылмыстық кодекстің 345- бабы, 2- бөлімі бойынша сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Іс жүргізу шеңберінде заңнамаға сәйкес кінәлі адамға қатысты заңға сәйкес барлық қажетті сараптамалар жүргізілетін болады.

Айта кетейік, жол оқиғасы салдарынан 1980 жылғы азамат- Ибраимов Құдайберген жапа шекті. Қазіргі уақытта ол ауруханада емделіп жатыр.

"Азамат К. Ибраимов бұрын Алматы қаласының полиция департаментінде, әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығында старшина атағында техник болып жұмыс істеген.
2018 жылдың 12 желтоқсанында Полиция департаментінің №784 бұйрығы бойынша берілген рапорт негізінде жұмыстан қуылған", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Анықталғандай, "Тойота Ланд Крузер" автокөлігін Ибраимов К. үш жыл бұрын өз туысынан бөліп төлеуге алған. Жұбайының сөзінше, күйеуі әлі қарызын төлеп бітпеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel