Выйти
RU

Қайрат Нұртастың бөлесі қызының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың бөлесі Ақерке Тәжібаева қызының бір жасқа толған тойын дүркіретіп атап өтті. Ұлттық өнерді насихаттап жүрген қобызшы қызы Айкөркемнің тұсаукесерін ерекше стильде ұйымдастырған деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында Ақерке Тәжібаеваның өзі Instagram парақшасында мәлім етті.

"Аллаға шүкір, тұңғышымыз Айкөркемнің "Тұсаукесер" тойын өткіздік. Әдемі фотолар мен видеоларды дайын болғанда жүктеймін. Қазірше қонақтардың жібергенінен үзінділер. Тойда айтылған барлық тілектерге үлкен рақмет", - деп жазды қобызшы.

Айта кетейік, өнер иесінің қуанышына жиналған қонақтар тойдың видеолары мен суреттерін желідегі парақшасына жарыса жүктеген.

Олардың арасында Сиви Махмуди, Мөлдір Әуелбекова бар.

Айта кетейік, Ақерке Тәжібаева өткен жылдың сәуір айында ақтөбелік жігітке ұзатылған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайрат Нұртастың бөлесі қызының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото, видео)