RU
ШҚО-да егіз бен үшем дүниеге келген жанұя мемлекеттен айына 10 мың теңге алады

ШҚО-да егіз бен үшем дүниеге келген жанұя мемлекеттен айына 10 мың теңге алады

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының Солнечный ауылында тұратын Болатхановтар әулетінде алдымен қызы өмірге келген. Алты жыл өткен соң егіз ұлдары дүние есігін ашыпты. Ал 4 жылдан кейін үшемнің ата-анасы атанған. Бұл туралы көп балалы ана YK-news.kz жергілікті порталына айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Болатхановтар әулеті, фото: Ирина Краскова/yk-news.kz

Болатхановтар әулеті, фото: Ирина Краскова/yk-news.kz

Көп балалы отбасы Өскеменге жақын орналасқан Согра ықшам ауданында тұрады. Үлкен қызы Милана 13 жаста. Егіз ұлдары Вислан мен Бислан 7 жаста. Үшеуі де мектепке барады.

Қазір көп балалы ана Екатерина үшемді қарап үйде отыр. Есімдері Раяна, Ислана және Мәриям. Олар 3 жаста.

Әкелері Ринаттың айтуынша, ұлдарының түрі бір-бірінен айнымағанымен, көзқарастары әртүрлі екен.

Сондай-ақ мектепте мұғалімдер егіздерді көп шатастыратын көрінеді. Ұстаздар түгілі олар кейде көз алдында тұрған Бислан мен Висланды ажыра алмай қалатынын айтады.

Ата-аналар үшемге бесік арба іздестірген. Алматы қаласынан қолданылған бесік арба шыққанымен, 300 мың теңгеге бағалаған.

Қазір үшем қыздар жүріп, анасына бұрынғыдан да қиынға соғып жүр.

Көп балалы ананың айтуынша, олар жақын тұрған Өскеменге бара алмай жүр. Көліктері болғанымен, тек бес адамға арналған. Ал олардың саны 8.

Болатхановтар әулетіне осының бәріне қалай үлгересіңдер деген сұрақ көп қойылады екен.

"Менде бәріне үлгеремін немесе үлгермеймін деген таңдау жоқ. Кез келген ананың қолынан келеді деп ойлаймын. Бір амалын тауып, әйтеуір жолын іздеймін", - деді Екатерина.

Болатхановтар әулеті мемлекеттен ай сайын 10 мың теңге алады.

Сіздің реакцияңыз
15
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel