Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зекет қоры" жыл басынан бері 25 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсеткен

Опубликовано:

2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Зекет қоры" корпоративтік қоры 2018 жылдың басынан бері орташа есеппен 25 мың жанұяға қайырымдылық көмек көрсеткен. Сондай-ақ, олар 5000 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен, ал мүгедек балаларды емге қажетті қаражатпен қамтамасыз етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан
Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан: Facebook

Мұсылмандардың садақа мен зекеттері арқылы мұқтаж адамдарға жәрдемдесу үшін құрылған қордың құрылтайшысы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы болып табылады.

Омаров Талғат Сейткәрімұлы басшылық ететін қорда барлық облыс және өңірлердің қаржылай берген Зекет және қайырымдылықтың қаражат мөлшері 167 млн теңгені құраған.

Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан
Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан: Twitter

Ал Құрбан айт мерекесінде "3екет" қоры атынан елімізде мұқтаж жандарға 400 тоннадай ет таратылып, 12 мыңға жуық адамға азық-түлік, сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған жандарға орта есеппен 5 млн теңге мөлшерінде берілген зекет малы үлестіріліпті.

Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан
Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан: Facebook

Одан бөлек, қазір қор "Ел үлесі пәтерге" жобасын жүзеге асыруда. Нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейін елімізде тұрмысы төмен отбасыларға тоғыз пәтер берілсе, Шымкент қаласында жеті баспана салынып жатыр.

Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан
Фото: "Зекет қоры" мұрағатынан: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772089-zeket-kory-zyl-basynan-beri-25-my-otbasyga-kajyrymdylyk-kmek-krsetken/

pixel