RU
Шымкентте 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 30 жастағы ер адам қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 30 жастағы ер адам қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 2005 жылы туған жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен 30 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: bit.news

Көрнекі фото: bit.news

Шымкентте орналасқан үйлердің бірінде 13 жастағы қыз баланы зорлағаны туралы белгілі болған. Күдікті бұрын сотты болмаған. 1988 жылы туған азамат екендігі анықталған.

30-дағы жігіт досының үйіне келіп бірге алкогольді ішімдік ішкен. Масайып алған күдіктінің ойы бұзылып, үйдегі көрші бөлмеде жатқан 2005 жылы туған 13 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім қызға жыныстық сипаттағы зорлық жасаған.

Оқиға 2018 жылдың тамыз айының соңында тіркелген. Арада үш ай уақыт өткенде барып күдікті қолға түскен.

"Желтоқсан айының 22-сі күні Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті Шымкент қаласының тұрғынын екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берілді", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel