RU
Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы төбелес хронологиясын айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Ішкі істер министрлігі Қарағандыдағы төбелес хронологиясын айтып берді

Рассказать Вконтакте

Астана қаласында өткен баспасөз конференциясы кезінде ІІМ вице-министрі Жанат Сүлейменов Жаңа жыл түнінде Қарағанды қаласындағы "Дрейний Рим" мейрамханасында орын алған топтық төбелестің себептері мен хронологиясын айтты. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

ІІМ баспасөз қызметі

Фото:ІІМ баспасөз қызметі

ІІМ-нің хабарлауынша, Қарағанды қаласында төбелес желтоқсанның 31-нен қаңтардың біріне қараған түні болған. Мейрамхана маңындағы қақтығыс таңғы төрт шамасында болған. Полицияны 4:40-та шақыртқан.

"Төбелеске қонақтар, мекеме қожайындары, қызметкерлер қатысқан. Жедел тергеу амалдарының нәтижесінде топтық төбелеске қатысқан 14 адам анықталған. Соның тоғызы мейрамхана қызметкерлері.

Суреттерден көрсеңіздер, мейрамхана аумағы үлкен, бірнеше залы бар. Ол түні онда 400-ге жуық адам болған. Үштен бастап мейрамхана жабылуға дайындала бастаған. Таңғы төртке таман қонақтарға мекеменің жабылатыны хабарланып, сыртқа шығуға өтініш жасалған.

Осының нәтижесінде ұрыс-керіс басталған. Қақтығысқа осы себеп болған. Қонақтарды мейрамханадан итеріп шығарып тастады десе болады. Олар мұны достарына хабарлаған, сөйтіп оларға тағы он адам қосылған. Келгендер мейрамханаға кіруге талпынып, әртүрлі сөздер айтқан", - деп мәлімдеді вице-министр.

Оның сөзінше, мейрамхана қожайыны мен қызметкерлері де "шара" қолданған. Осылайша топтық төбелес басталған.

ІІМ-гі қақтығысқа ұлтараздық себеп болмағанын баса атап өтті. Оқиға тұрмыстық сипатта болған.

"Екі топта бір ғана ұлт өкілдері болмаған. Жанжал мекеменің ішінде тұрмыстық негізде туындаған. Ұлтаралық жанжал мәселесі жоқ", - деді Сүлейменов.

Төбелес нәтижесінде төрт адам пышақ жарақатын алған. Екеуі ауруханаға жатпай үйде емделуде, бір адам сан күретамырынан пышақ жарақатын алып, қайтыс болды.

Бүгін сот санкциясы бойынша сегіз адам уақытша қамау абақтысына жеткізілді.

Бір адам Ұрлытөбе шекара бекеті арқылы Ресей аумағына өтіп үлгерген. Бұл бірінші қаңтар күні кешкі он шамасында болған. Бүгін Ресейге қазақстандық жедел-іздестіру қызметкерлері жіберілген.

Сіздің реакцияңыз
11
1
5
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel