RU
Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімінен кейін Қапшағайға барып демалған

Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімінен кейін Қапшағайға барып демалған

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өліміне күдікті саналатын Жанар Толыбаева марқұмның өлімінен кейін Қапшағайға барып демалған. Бұл туралы сотта Толыбаеваның құрбысы Жайна Ізтелеуова айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанар Толыбаева. Фото NUR.KZ

Жанар Толыбаева. Фото NUR.KZ

Оқиғада күдікті болып танылған ару Денис Тен қайтыс болған күні достарымен көңіл көтерген болып шықты. Бойжеткен құрбысы Жанар Толыбаевамен 19 шілде күні түнде Қапшағайға демалуға кетіп қалғанын айтады.

"Денис Тенді өлтіріп кеткені туралы ертесіне Қапшағайға барып демалған кезде білдім. Бірақ оған Жанардың қатысы бар деп ойламадым. Ол маған еш нәрсе айтпады да, мен де сұрақтың астына алмадым. Өзі көңіл-күйсіз жүрді, жабырқаулы болды. Алайда, Қапшағайдағы демалыста кешке қарай ол басқалармен бірге ішіп, шекті. Бәрі көңілді болды.
19-ы күні үшеуі пәтерге қайтып келгенде, бәрінің көңілсіз екенін аңғардым. Нұралының футболкасынан қан дағын да байқадым. Олардың Денистің өліміне қатысты екенін полицейлер келіп, Нұралыны тұтқындаған сәтте бір-ақ білдім. Мені де қамауға алмақ болды. Бірақ мен еш қатысым жоқ екенін айтып түсіндірдім", - деді Ізтелеуова.

Еске сала кетейік, Алматыда көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда.

Бүгін Денис Теннің досы әрі "Burritogo" мейрамханасының басшысы Қайрат Кәкімжанов пен марқұмның жараланғанын көрген куәгер сот алдында жауап берді.

Сондай-ақ бүгінгі сот отырысында жәбірленуші жақтың адвокаты Нұрлан Өстеміров күдікті Арман Құдайбергеновті босатып жіберген астаналық полицейлерді жауапкершілікке тартуға шағым түсірді.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel