RU
Түркістанда белгісіз жандар көп балалы анаға бес бөлмелі үй сыйлады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістанда белгісіз жандар көп балалы анаға бес бөлмелі үй сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістанда белгісіз жандар көп балалы анаға бес бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Алты баласымен жалдамалы пәтер жағалап жүрген Гүлназ Жаңабаева "Жасырын садақа" жасаушы жандарға алғысын айтты деп хабарлайды Ernur.kz.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек қажы демеушілік жасаған азаматтарға өз ризашылығын білдірген.

"Жұма" мешітінің имамы Жахангир қажы Абдувалиев алдағы уақытта тағы да бірнеше тұрмыстық жағдайы аз қамтылған жанұяларға үй алып берілуі жоспарланып отырғандығын тілге тиек етті.

Ал жалдамалы пәтерде төрт ұл, екі қызымен күнелтіп келген Гүлназ Жаңабаева өзіне қуаныш сыйлаған жандарға шексіз рахметін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel