RU
Қарағандыдағы жаппай төбелеске қатысушы азамат Ресейге қашып кеткен

Қарағандыдағы жаппай төбелеске қатысушы азамат Ресейге қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

ІІМ-гі Қарағанды мейрамханасында болған топтық төбелеске қатысқан азамат жайлы пікір білдірді. Оның Павлодар облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы қашып кеткені белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видео-үндеуден кадр

Фото: Видео-үндеуден кадр

Қазір Гурурян текті азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Ресей аумағына және Армения Республикасына жедел-тергеу топтары жіберілген.

Айта кетейік, жаппай төбелеске қатысқан 14 адамның 9-ы тұтқындалуы тиіс болған. Қазіргі таңда олардың 8-і уақытша ұстау изоляторында.

Ал тоғызыншы күдікті Гугурянға халықаралық іздеу жарияланған.

Мәліметтер бойынша, күдікті азамат Қазақстан-Ресей шекарасын 1 қаңтар күні түнгі 10-нан кейін кесіп өткен.

ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қашып кеткен Гурунян Армения азаматы.

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқандықтан, басқа ақпаратты жариялай алмаймыз", - деді Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жаңа жылдық банкеттен соң мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес орын алған болатын.

Қайғылы оқиғадан 23 жастағы қарағанды тұрғыны қаза тапты.

Ал кісі өлімінен кейін ізін суытып үлгерген Гугурян өзінің бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, видео-үндеу жолдады.

Сіздің реакцияңыз
6
2
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel