RU

Қостанайда параға былғары етік алған майор ұятқа қалды

Қостанайда ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/11 мекемесі" РММ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Марат Нүркин сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көрнекі фото: rossaprimavera.ru
Көрнекі фото: rossaprimavera.ru: Depositphotos

Іс-деректерінде көрсетілгендей, 2018 жылдың 14 қарашасында Марат Нүркин өзінің қызметтік кабинетінде тұрып, сотталушы азаматтан пара ретінде былғары етік алған.

Өз кезегінде Нуркин сотталушыға телефон арқылы сөйлестіріп тұруға, сондай-ақ, одан әрі қамқорлық жасауға уәде еткен.

"Қостанай қаласы №2 сотының шешімімен Марат Нүркин қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 366-бабы, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Майор мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан да  өмір бойына шеттетілді. Ол жазасын қауіпсіздігі төмендетілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, Марат Нүркин әділет майоры шенінен де айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772137-kostanajda-paraga-bylgary-etik-algan-major-atka-kaldy.html