Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүзге жуық жылқыны айдап әкеткен барымташылар масқара болды

Опубликовано:

Алматы облысында ауыл тұрғындарының малын ұрлап келген барымташылар қолға түсті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: patrul.kz
Көрнекі фото: patrul.kz: Depositphotos

Ұрланған жылқының нақты саны 87 бас. Шығын көлемі 26 миллион теңгеден асып кеткен.

Қылмыстық топтың құрамында 26 мен 46 жас аралығында 5 азамат болған. Олар Алматы облысының Талғар және Кеген аудандары мен Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.

Қылмыстық тексеру барысында барымташылардың нақты үш фактіге қатысы бар екені дәлелденіп отыр.

"Қылмыс 2018 жылдың қазан, қараша айларында Кеген ауданында тіркелген. Күдіктілер Жалаңаш және Кіші Жалаңаш ауылы тұрғындарынан 87 бас жылқысын айдап әкеткен. Алғашында 25 бас, екінші реткі ұрлықта 30 бас, соңғысында 32 жылқыны барымталап кеткен.
Ұрланған жылқыны таратқан, сатқандар есебінде тағы бірнеше адам күдікке ілініп отыр", - деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Ұрылар жылқыны Кегеннен екі жарым күннің ішінде айдап, Іле, Талғар аудандарындағы таныстарына тапсырып отырған.

Қазір ұрланған жылқылардың қайда екені іздестіріліп жатыр. Қазіргі таңда күдіктілердің барлығы қамауға алынып, олардың үстінен ҚР ҚК 188-бабы, 4-бөлігі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қылмыс құрамына байланысты жазаның тармақтары әліде өзгеруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1772146-almaty-oblysynda-zzge-zuyk-zylkyny-ajdap-ketken-barymtasylar-maskara-boldy/

pixel