Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ жоғары лауазымды 450 полицейді жұмыстан босатпақшы

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов алдағы уақытта ведомствода болатын реформа туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ааааа
Көрнекі фото: Arnapress.kz: UGC

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Сүлейменов реформа жасау мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, негізгі 9 бағыт айқындалғанын айтты.

"Ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын оңтайландыру ескерілген.
Осы орайда артық басқарушылық буындарды тарату мен  штаттық санды 10 пайызға азайту қарастырылған», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, 450 басқарушылық лауазымдар қысқарады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772148-iim-zogary-lauazymdy-450-policejdi-zmystan-bosatpaksy/

pixel