Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Міндетті түрде барамын: Хабиб Нурмагомедов Қарағандыға келмекші

Опубликовано:

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Instagram желісінде өзіне хат жазған қазақстандық жанкүйерінің өтінішіне жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

сссссс
Хабиб Нурмагомедов. Фото: Instagram: UGC

Қарағандыда тұратын Саша есімді жігіт UFC чемпионынан жергілікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз өмірі жайлы жазылған кітапты сыйға тартып, оларға жетістіктері туралы айтып беруді сұраған.

Александр танымал спортшының мансабында қалай көтерілгені туралы оқиғалар балалардың өз арманына сеніп, жоғары мақсаттарға жетуіне көмек көрсетеді деп санайды екен.

Бұл өтініш хатқа жауап берген Нурмагомедов міндетті түрде Қазақстанға келетінін атап өтті.

"Осы жылы мен Қарағандыға ұшып барамын және балалар үйіне соғамын. Ал жазған өтінішіңе байланысты сенімен адамдар байланысады, күт", - деп жазған дағыстандық спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1772155-mindetti-trde-baramyn-habib-nurmagomedov-karagandyga-kelmeksi/

pixel