RU
Кәсіпкерлерді тақырға отырғызған Ақуов алты жарым жылға сотталып тынды

Кәсіпкерлерді тақырға отырғызған Ақуов алты жарым жылға сотталып тынды

Рассказать Вконтакте

Алматыда сот тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды. Талғат Ақуов ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы "Алматы" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ннннн

Талғат Ақуов. Фото: dailynews.kz

Алты жыл сегіз айға сотталған Ақуов жазасын жалпы режимдегі колонияларда өтейтін болады.

Одан бөлек, сот шешімі бойынша ол коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда үш жыл жұмыс істеуге құқығы жоқ.

Сонымен бірге, шығынды ішінара өтегені және бұрын қылмыстық құқықбұзушылық әрекетке бармағаны есепке алынып, сотталушының жазасы жеңілдетілген.

Естеріңізе сала кетсек, кәсіпкерді өзінің қауымдастығына мүше жандардан ақша жинап, қашып кеткені үшін айыптаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel