RU

Тойда орындықты айнала ойын ойнаған әйел талып қалды

Мейрамханада өткен тойлардың бірінде асабаның ұйымдастырған ойынына қатысқан әйел талып қалды. Орындықты айнала қозғалған әйел әнді тоқтатқан сәтте құлап түскен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Видео syrymdy_aytamyn Instagram парақшасында жарияланған.

Бұл видеон көрген желі қолданушылары орта жастағы әйелдің амандығын тілеп, өздерінің тілектестіктерін білдірген.

"Жазылып кетсін", "Ұзақ айналды", "Талып қалған болар", "Обал болды", "Осы асабалар дені дұрыс ойын ұйымдастырса қайтеді?", "Аман болсыншы, әйтеуір".
"Мынаны көріп отырған менің басым айналып кетті ғой", "Ойыннан от шықты деген осы", "Үлкен жастағы әйелдердің ойыны емес қой", "Асаба бірден ескертуі керек еді "Жастарға арналған ойын" деп", "Алла шипасын берсін" деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772201-tojda-oryndykty-ajnala-ojyn-ojnagan-jel-talyp-kaldy.html