Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ремизовка енді Асқартау: Алматыда 27 шағынауданның атауы өзгертілді

Опубликовано:

Алматыда 27 шағынауданның атауы өзгертілді. Тиісті қаулы "Әділет" АҚЖ сайтында жарияланған. 28 желтоқсан күні қабылданған құжат әділет органдарында келесі күні тіркелген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nauryzbay.audany.tilda.ws
Фото: nauryzbay.audany.tilda.ws: Facebook

Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және ономастикалық комиссиялардың қорытындысы негізінде әкімдік мәслихатпен бірлесіп бірқатар шағын аудандардың атауын өзгерту туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Алатау ауданы бойынша:

  1. "Алғабас-1" шағынауданы- "Нұркент" шағынауданы;
  2. "Алғабас-2" шағынауданы- "Ботакөз" шағынауданы;
  3. "Алғабас-3" шағынауданы- "Ақмаржан" шағынауданы;
  4. "Алғабас-4" шағынауданы- "Ғажайып" шағынауданы;
  5. "Алғабас-5" шағынауданы- "Дарабоз" шағынауданы;
  6. "Алғабас-6" шағынауданы- "Зерделі" шағынауданы;
  7. "Заря востока" шағынауданы- "Шапағат" шағынауданы;
  8. "Құрылысшы" шағынауданы-"Самғау" шағынауданы;
  9. "Трудовик" шағынауданы-"Томирис" шағынауданы болып өзгертілді.

Әуезов ауданы бойынша:

1. "Дубок" шағынауданы-"Шабыт" шағынауданы;

2. "Дубок-2" шағынауданы- "Атамекен" шағынауданы;

3. "Школьный" шағынауданы- "Жазира" шағынауданы;

4. "Школьный-2" шағынауданы- "Алмас" шағынауданы;

5. "Тепличный" шағынауданы-"Қуаныш" шағынауданы деп ауыстырылды.

Бостандық ауданы бойынша:

1. "Алатау" шағынауданы-"Нұр Алатау" шағынауданы,

2. "Алмаарасан" шағын ауданы-"Архат" шағынауданы болып өзгертілсе,

Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:

"Жайлау" шағынауданы-"Ғаламат" шағынауданы деп аталатын болды.

Ал Бостандық, Медеу аудандары бойынша:

"Ремизовка" шағынауданы- "Асқартау" шағынауданы деп ауыстырылды.

Жетісу ауданы бойынша:

1. "Дорожник" шағынауданы- "Көкмайса" шағынауданы;

2. "Первомайский" шағынауданы- "Кемел" шағынауданы деп өзгертілді.

Медеу ауданы бойынша:

1. "Родник" бағбандық қоғамының шығысында және "Қорғаушы-Защитник" бағбандық қоғамының оңтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Шарапат" шағын ауданы";

2. "Горный садовод" бау-бақша қоғамының солтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы - "Алтын" шағын ауданы";

3. "Бутаковка" шағынауданы-"Мұзтау" шағынауданы болып ауыстырылса,

Наурызбай ауданы бойынша:

1. "Алатау" шағынауданы - "Байтақ" шағынауданы;

2. "Каменка-3" шағынауданы- "Мейрам" шағынауданы;

3. "Қарағайлы-2" шағынауданы- "Дария" шағынауданы деп өзгертілді.

Ал Түркісіб ауданы бойынша:

1. "Колхозшы" шағынауданы-"Нұршашқан" шағынауданы деп аталатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772204-remizovka-endi-askartau-almatyda-27-sagynaudanny-atauy-zgertildi/

pixel