RU
"Бомба түскендей": Жаңаөзенде тұрғын үйдің едені опырылып, жұрттың үрейін ұшырды

"Бомба түскендей": Жаңаөзенде тұрғын үйдің едені опырылып, жұрттың үрейін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы көпқабатты баспананың едені опырылып, қабырғасы түсіп кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасынан алынды. Коллаж NUR.KZ

Кадр КТК арнасынан алынды. Коллаж NUR.KZ

Оқиға Жаңаөзен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде орын алған. Бірінші қабаттың тұрғындары түнде қатты дауыстан шошып оянған.

Сәлден кейін еденнің опырылып кеткенін байқапты.

Кейінірек пәтердің плиткасы жертөлеге жетіп жарылғаны белгілі болды.

"Бала-шағамның бәрін жан-жаққа жібердім. Жеті отбасы болып тұрамыз. Кеше жалған ақпарат берді әкім үйге орналастырдым деп. Көмек жоқ ешқандай", - дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Амангелді Бөлеков.

Әбден қорқып қалған үй тұрғындары әкімдікке барған. Олар сараптама өткеннен соң қорытынды шығатынын айтыпты.

"Кеше тиісті комиссияны құрдық. Тиісті шараларын қабылдадық. Қазір міне мекемесін белгіледік істейтін", - дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Комиссия қорытындысы ай шамасында шығады. Оған дейін үрейлі үйден үріккен тұрғындардың көбінің қайта кіргісі жоқ. Көбі, туған-туыстарына көшіп жатыр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel