Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімдік- зұлым": Қырғыз жастары арақ сатуға қарсы шықты (видео)

Опубликовано:

Қырғызстанның Қара-Бургон ауыл тұрғындары тағы да алкоголдік ішімдіктерге тыйым салуда. Жергілікті жастар дүкен иелеріне спирттік ішімдіктерді кері қайтаруға қысым көрсетіп жатыр деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтары қызметі.

1news.zp.ua
Көрнекі фото: 1news.zp.ua: Facebook

2019 жылдың бірінші қаңтарынан бері ауылда арақ сатылымда жоқ. Бастаманы бастаған жастардың сөзінше, мұндай шектеу алкоголь өнімдерінің сатылымын азайтуға әкеледі.

"Ішімдік- зұлым. Жастар бұзылып кетті. Арақ ішетін қыздар, әйелдер бар. Қазір ауыл тыныш болып қалды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдап отыр. Қарсы шыққандар жоқ", - дейді Чолпонбек Кубатбек уулу.

Сатушылар жеткізушілерге 150 мың сомның өнімін қайтарған. Спирттік ішімдіктерді арзан бағамен қабылдағандықтан сатушылар 60 мың сом жоғалтқан.

Ауылдың бірқатар тұрғындары бұл бастамаға қарсы. Алтынке Калназарова алкоголь сатуға тыйым салу адам құқығын бұзады деп есептейді.

"Біздің құқығымыз бұзылып жатыр. Олар салдарын ойламайды. Мен оларға айттым, қазір демократия. Біз не қалаймыз соны сатуымыз керек деп. Біз спирттік ішімдіктерді сату арқылы пайда тауып жүрдік", - дейді ол.

Қара-Бургон ауылының үш мыңдай тұрғыны бар. Дәл осындай шара үш жыл бұрын да жүргізіліпті. Алайда екі айдан кейін алкоголь өнімдері қайта сатыла бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1772213-isimdik-zlym-kyrgyz-zastary-arak-satuga-karsy-sykty-video/

pixel