Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жүрегі қысылған науқасты алып бара жатқан жедел жәрдемге жол бермеген

Опубликовано:

Ақтөбеде жүрегі қысылып жатқан науқасты алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына түскен. Бұл жағдайды NUR.KZ порталына жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері баяндап берді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Басшының айтуынша, дабыл қоңырауымен келе жатқан "103" қызметіне жол бермеудің салдарынан бірнеше рет жол апаты тіркелген. 

Оқиға кезінде көлікте инфаркт, инсульт алған науқастар болған.

"Жедел жәрдем көлігіне жол бермеу оқиғалары әлі де қиындықтар туғызып келеді. Екі рет жол апатына түстік. Екеуінде де науқасты алып бара жатқан кезде болды. Бағдаршамның қызыл түсінде дабыл белгісін қосып келе жатқан көлікті жібермей, қатты түйісу жағдайы болды. Екінші көлікті шақырып, науқасты салып жібергенше дәрігерлер көп уақыт жоғалтты.
Екі жағдайда да полиция 103 қызметін кінәлі қылып шығарды. Басшылығына бардым, "арнайы қызмет болсаң да қызыл жанғанда бірінші машинаның жоқтығын көруің керек, сені жібергеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жүруге тиіссің" дегенді айтты. 
Екі жағдайда да көлікте инфаркт, инсульт алған адамдар болды", - дейді жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.

Ауыр жағдайдағы науқас алып бара жатқан жедел жәрдем қызметі екі жол оқиғасы кезінде де кінәлі болып танылған.

Сондай-ақ, болған жағдайға байланысты айыппұл төлеу жедел жәрдем қызметіне міндеттелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772217-aktbede-zregi-kysylgan-naukasty-alyp-bara-zatkan-zedel-zrdemge-zol-bermegen/

pixel