Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Қазақстандық олигархтың жеке ұшағын Алматы әуежайында зақымдаған

Опубликовано:

Алматы әуежайында Forbes-Қазақстан нұсқасы бойынша, еліміздегі ең дәулетті 30 адамның қатарына енген олигархтың жеке ұшағына зақым келтірілді. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

time.kz
Фото:time.kz: UGC

"Время" басылымы құны бес миллион долларды құрайтын Hawker 900 XP ұшағының суретін жариялаған. Ұшақтың қанат винглетіне нұқсан келген, енді жөндеу жұмысы жүргізілмесе әуе кемесі көкке көтеріле алмайды.

Ұшақ әуеде емес, алматылық әуежайда зақымданған. "Время" басылымының жазуынша, мұндай ұшақ 14 миллион доллар тұрады, ал 2009 жылғы бұл модельдің бағасы төрт-бес миллион маңайында.

time.kz
Фото:time.kz: UGC

Болжам бойынша, жөндеу жұмысынан кейін ұшақ бағасы төмендейді. Жөндеу жұмыстары шетелде өткізіледі, ал ұшақтың сервис-орталығына өзі ұшып жетуі екіталай. Демек, оны жеткізу керек болады.

Ұшақ борты сегіз адамға арналған, бірақ салонның ішкі безендірілуі тамсандырады. Қаптау үшін ағаш пен былғары пайдаланылған.

time.kz
Фото:time.kz: UGC

Мұндай ұшақ толтырылған жанармай көлемімен бес мың шақырымға дейін ұша алады, сондықтан онымен Қазақстан аумағында және шетелге саяхаттауға болады.

"Время" басылымының пайымдауынша, ұшақты Алматы әуежайының қызметтік көлігі, бәлкім қар тазалаушы көлік, соғып кеткен. Болжам бойынша, оқиға бірінші қаңтар күні орын алған. БАҚ қолына ұшақтың суреті түспесе, бұл оқиға жайында ешкім білмес еді.

Басылым журналистері Алматы қаласының халықаралық әуежайына арнайы сұралым жіберген, дегенмен оқиғаға қатысты жауап қайтарылмаған.

Болжам бойынша, зақымданған ұшақ иесі Forbes-Қазақстан ұсынған 2018 жылғы байлар тізімінде отыздыққа енген кәсіпкер.

Ақпаратты көшіру мен пайдалану "Издательство "Время" ЖШС рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772219-bak-kazakstandyk-oligarhty-zeke-sagyn-almaty-uezajynda-zakymdagan/

pixel