Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде дәрі алуға кеткен әйел дәріханада босанып қалды

Опубликовано:

Өскеменде жүкті әйел дәрі алуға барып, дәріханада босанып қалған. Аяқ астынан басталған толғақ 10-15 минутқа созылып, келіншек өмірге қыз баланы алып келді деп хабарлайды ustinka.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:Chto-proishodit.ru
Фото:Chto-proishodit.ru: Instagram

Дәріхананың екі фармацевті Венера Икласпаева мен Роза Тұрбаеваның айтуынша, жедел жәрдем шақыруға уақыт болмаған. Тіпті фармацевтердің ойлануға да шамасы келмепті.

Осылайша Аягөзден дәрігерге тексерілуге келген келіншек бесінші баласын босанып алған.

Ал жедел жәрдем әйел босанып болғанда келіп, оларды перзентханаға алып кеткен.

"Мен толғақтың аяқ астынан басталатынын білмедім. Бұл менің бесінші жүктілігім. Сондықтан әлі босанатын уақытымның ерте екеніне сенімді болдым. Венера мен Розаға айтар алғысым шексіз. Қызым екеумізге үлкен көмек көрсетті", - дейді Жадыра.

Айта кетейік, көпбалалы ана өмірге келген қызына Айкүнім деп есім берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772229-skemende-dri-aluga-ketken-jel-drihanada-bosanyp-kaldy/

pixel