Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде байларға салық салу мәселесі тағы да кейінге қалды

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрлігі байлық салығын енгізу мәселесін әлі қарастырып жатыр. Қымбат үй мен жер салығын, қозғалтқышы үш литрден асатын көліктердің мөлшерлемесін енгізуді талап ететін заң жобасы әлі де өзекті болып тұр деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Көрнекі фото: pikabu.ru
Көрнекі фото: pikabu.ru: Facebook

Қазір қаржы министрлігі жеке табыс салығының прогрессивті шкаласына өтудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Яғни, неғұрлым көп табыс тапқандар көп салық төлейтін болады. Ал мамандар әзірге "байлық салығын" енгізуді ерте деп отыр.

"Біздің мемлекет толық дайын емес. Әлі де болса нарықтық экономиканың заңдары да толық орындалып жатқан жоқ. Бұл бір. Екінші мәселе-салықтық арттыру мәселесіне келген кезде экономикада Латфер қисығы бар. Мемлекет салықты белгілі бір нормадан арттырып жіберсе, салықтан жалтарушылар көбейеді деген. Сөйтіп көлеңкелі экономиканың үлесі артады" , - дейді экономист Мақсат Халық.

Бұл пікірді ұстанатын қалталы азаматтардың қатарында медиакәсіпкер, блогер Бейбіт Әлібеков те бар. Үш қымбат көліктің иесі болып отырған ол бүгінде жыл сайын бір млн теңге төлейтінін айтады.

Кәсіпкердің сөзінше, шеттен әкелінген көлікті тіркеу де оңай емес. Ал қазір электромобиль айдап жүрген Әлібеков түтін шығармағыны және экологияға зияны тимегені үшін салық төлемейді екен. Сондықтан ол баршаға токпен жүретін көлікке ауысуға кеңес береді.

"Бізде онсыз да адал ақша тауып жатса да байларға деген қоғамның көзқарасы жақсы емес. Сондықтан, оларға салықты көбейтіп, одан әрі тыныштығын бұзғанша, жайлы жағдай жасап, капиталдарын өз еліміздегі бизнеске салуға итермелеу керек.
Құрылысқа салса да, үй нарығына салса да ол ішкі жалпы өнімнің бір бөлігі. Жыл сайын қалталылар елден көптеп көшіп жатыр. Байлық салығы жағдайды тек ушықтыра түседі. Ал байларға салық төлеп әуреленгенше, электромобильге ауысқан жөн дер едім. Тіпті автотұрақ тегін, Шымбұлаққа да кіруге рұқсат бар", - деді Бейбіт.

Авторы: Абай Сейфулла

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772233-elimizde-bajlarga-salyk-salu-mselesi-tagy-da-kejinge-kaldy/

pixel