RU
Танымал актрисамен бірге қаза тапқан таксисттің артында бірнеше кредиті қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Танымал актрисамен бірге қаза тапқан таксисттің артында бірнеше кредиті қалған

Рассказать Вконтакте

29-шы желтоқсан күні Алматыда орын алған жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін жалмады. Қайғылы жағдайда екі жолаушы мен такси жүргізушісі қаза тапқан. Анықталғандай, адам тасымалдап күн көріп жүрген азаматтың артында бірнеше кредиті қалған. Оған қоса, Қытай асып кеткен марқұмның анасы оның жетісіне қатыса алмаған деп жазады Қамшы.

Фото: Instagram, qamshy.kz, скриншот. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram, qamshy.kz, скриншот. Коллаж: NUR.KZ

Жантүршігерлік жол апатында қайтыс болған Бақытнұр Құнапияұлының артында екі несиесі қалған. Марқұм тірісінде қаржы тапшылығы кесірінен "Каспи" мен "Нұрбанк" мекемелеріне жүгінген.

Қазіргі таңда, оның "Каспи" банкінде қалған сомасының мөлшері 1 022 962 теңгені құрап отыр. Алайда, оны бірден жапқан жағдайда бұл сомма 894 673 теңге болмақ.

Ал "Нұрбанктен" Бақытнұрдың қандай мөлшерде несие алғаны әзірге белгісіз. Оның туған нағашысының айтуынша, бұл банктен ер адам бір жарым миллион теңгедей қаржы алса керек.

Қайғылы оқиғада көз жұмған азаматтың достары бүгінде оның несиесін жауып беруге ниетті екенін білдірді.

Еске сала кетейік, 29 желтоқсан күні Алматы қаласында жантүршігерлік жол апатынан үш адам ажал құшты. Олардың арасында танымал актриса Шолпан Елгезек те болған.

Ал қайғылы оқиғадан аман қалған танымал актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен еді. Бүгінде оның есін жиғаны, жансақтау бөлімінен травматологияға ауыстырылғаны белгілі болды.

Ал жол апатына күдікті көлік жүргізушісі оқиға орынан қашып кеткен еді. Кейіннен оның Gelandewagen-ді мас күйде тізгіндегені белгілі болды.

Қазір күдікті азамат тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
42
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel