Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлтанов Астана әкімдігінің миллиондарды қалай үнемдегенін айтты

Опубликовано:

Бақыт Сұлтанов елорда әкімдігінің ондаған миллион ақшаны қалай үнемдеп жатқанын айтты. Астана басшысы қызметкерлерге қызметтік көлік берілмейтін болған соң қарамағындағылардың такси шақыртып жүргенін мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: ru.oxu.az
Көрнекі фото: ru.oxu.az: Facebook

Астана әкімі атап өткендей, бұрынғы 60-қа жуық қызметтік көлік полиция департаментіне пайдалануға берілген, енді оларды ішкі істер органдары пайдаланады.

Бұл әрекет арқылы 50 млн теңгедей қаражат үнемделген.

"Қай жағынан алсақ та бұл тиімді. Себебі, көлік күні бойы тұрмайды. Негізінен, бізге көлік қажет емес, өйткенібіз кабинетте жұмыс істейміз. Ал бір жаққа баратын болсақ, көлік тек сол уақыт аралығына ғана керек. Қазір біздің қызметкерлер таксимен жүреді", - деді Сұлтанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772290-sltanov-astana-kimdigini-milliondardy-kalaj-nemdegenin-ajtty/

pixel