RU
Назарбаев 47 отандасымыздың Сириядан қайтарылғанын мәлімдеді
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев 47 отандасымыздың Сириядан қайтарылғанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты гуманитарлы операцияның аяқталуына қатысты жасаған мәлімдемесін жариялады деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ©Арман Мухатов/ today.kz

Фото: ©Арман Мухатов/ today.kz

"Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында біздің құқық қорғау органдары мен сыртқы істер министрлігі жүзеге асырған гуманитарлық операция нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала Сириядан көшірілді.
Алдаудың арбауына түскен азаматтар дағдарысқа ұшыраған елге түсіп, лаңкестердің қолында кепілдікте болды. Қазақстанға келгеннен кейін әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді", -делінген хабарламада.

Президент мұндай қиын жағдайға душар болған кінәсіз жандар өздерінің құтқарылғандарына қуанғанын айтты. Енді олар бір ай бойы бейімделуден өтіп, медициналық көмек алатын болады.

Қолға алынған тиісті шаралар осындай жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.

"Қазақстан мекен-жайына қарамастан әрдайым өз азаматтарын қолдайды. Біздің басты мақсатымыз- еліміздің бірлігі мен тұтастығын сақтау және қорғау. Біз соғыс алаңында өз еркінен тыс жүрген балаларды қайтару жұмысын ары қарай жалғастырамыз", -деді президент.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel