Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cұлтанов: Астананың әрбір үшінші тұрғыны – бизнесмен

Опубликовано:

Астана бұдан былай тек мемлекеттік қызметкерлердің қаласы ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің де қаласы. Бұл туралы қаланың белсенділерімен кездесу барысында Бақыт Сұлтанов айтты. Әкімнің пікірінше, елордалық экономиканың жартысынан астамы кәсіпкерлер есебінен салынған деп жазады NUR.KZ.

Бақыт Сұлтанов, фото: zakon.kz
Бақыт Сұлтанов, фото: zakon.kz: Facebook

Қала экономикасының үлкен үлесін кәсіпкерлер атқарады. Соның ішінде, шағын және орта бизнес 58,5%-ды құрайды. Астана қаласы әкімінің айтуынша , еліміздің елордасы Қазақстандағы осындай көрсеткішке қол жеткізе алатын жалғыз қала.

"Қалада жүз мыңдаған кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеуде. Әрбір үшінші астаналық кәсіпкерлікпен айналысады. (...) Астана мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар шаһарынан кәсіпкерлер қаласына айналды", - деді Сұлтанов.

Әкімнің сөзінше, елордадағы инвестициялық климат айтарлықтай жақсарып, 2018 жылы 1 триллионнан астам теңге тартылған.

Бұрын қаланың ақшасы мемлекеттік бюджет қаражатынан құйылса, бүгінде шағын бизнеске негізделген. Астана бюджетіндегі салықтардың жартысы кәсіпкерлердікі болып табылады.

Шетелдіктер де қалаға қызығушылық танытуда. Өткен жылы "шетел ақшасы" Астанадағы барлық инвестициялардың төрттен бірін құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772305-cltanov-astanany-rbir-sinsi-trgyny-biznesmen/

pixel