RU

Қарағанды облысында ер адамды пойыз басып кетті

Қарағанды облысында ер адам пойыз астына түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы ҚТЖ "Жүк тасымалының" баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: casinobeats.com
Фото: casinobeats.com: Facebook
"2019 жылдың сегізінші қаңтарында Астана-Семей бағытындағы №312 пойыз машинисі бейтаныс адамды қағып кетпес үшін жедел тоқтату шарасын қолданды. Алайда, шағын арақашықтық салдарынан пойыз қозғалысын тежеу мүмкін болмады" , - деп мәлімдеді компания өкілдері.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға нәтижесінде ер адам қайтыс болған. Марқұмның кім екені әзірге анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1772312-karagandy-oblysynda-er-adamdy-pojyz-basyp-ketti.html