Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда өзін байқамай атып жіберген жігітті дәрігерлер құтқарып қалды

Опубликовано:

Маңғыстау облысының Шетпе елді мекенінің орталық аурухана дәрігерлері байқамай өзін атып жіберген азаматтың жанын арашалап қалды. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

sonnikpro.com
Көрнекі фото:sonnikpro.com: Facebook

Науқас Шертпе ауруханасына тоғызыншы қаңтар күні 11:30-да жеткізілген.

Ер адамның жүрек тұсы мен өкпесі жараланған. Оған шұғыл түрде ота жасалып, дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалды.

"Ота сәтті өтті. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Алдын ала болжам бойынша, ер адам кездейсоқ өзін кеуде тұсынан жаралаған. Мән-жайды полиция анықтап жатыр", - деді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз басшысы Азамат Сәрсенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772313-magystauda-zin-bajkamaj-atyp-zibergen-zigitti-drigerler-ktkaryp-kaldy/

pixel