Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жалған құжаттармен несие берген алты банкир сотталды

Опубликовано:

2017 жылы "Нұрбанк" банкін ішкі тексеру барысында қызметкерлердің заңды өрескел бұзғандары анықталды. Олар кепілдікке қойылған мүліктерді жоғары бағалап, жалған құжаттар бойынша несие берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Алау
Көрнекі сурет: Алау: Facebook

Банк қызметкерлері жыл бойы жалпы сомасы 200 миллион теңге көлемінде несие берген деп жазады "Время" газеті.

"Нұрбанк" АҚ қоғамдық байланыс бөлімінің хабарлауынша, ішкі тексеру барысында барлық заң бұзушылықтар 2017 жылы анықталыпты.

Ал жауапқа тартылғандар жұмысынан уақытша шеттетілген.

Сондай-ақ, банк басшылығы өз қызметкерлерінің үстінен полицияға арыз жазған. Сот олардың үшеуін босатып, қалғандарын әр түрлі мерзімге қамады.

"Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, банк жоғары сотқа апелляциялық шағым беруге құқылы.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты бұл істі қарау жалғасады, іс әлі аяқталған жоқ және біз оған қандай бір тұжырым жасау ертерек деп санаймыз", - деді банк мамандары.

Бұл ақпаратты "Издательство Время" ЖШС рұқсатынсыз көшіруге және пайдалануға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772318-semejde-zalgan-kzattarmen-nesie-bergen-alty-bankir-sottaldy/

pixel