RU
Қызылордада жоғалып кеткен балықшыларды үш апта бойы іздеп жатыр
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылордада жоғалып кеткен балықшыларды үш апта бойы іздеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Қызылордада құтқарушылардың жоғалған балықшыларды таба алмай, іздеп жүргеніне үш апта болды. Сырдария облысының екі тұрғыны Қараөзек өзеніне балық аулауға кеткеннен қайта оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: usiter.com

Көрнекі фото: usiter.com

Алдын-ала мәліметтер бойынша, көлік жүргізіп келе жатқан балықшының бірі рөлге ие бола алмай қалып, көпірден суға қарай құлаған.

Транспортты судан шығарғанымен, екі балықшыны таба алмапты.

Қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғасуда. Бірақ ауа-райының қолайсыздығы іздестіруге кедергі келтіруде.

"Өкінішке орай, бұл бірінші рет кездесіп отырған жағдай емес. Өткен жылы бұған ұқсас 7 факті тіркелген. Кейде тұрғындар қайғылы оқиғаны өте кеш хабарлайды.
Қазір өзенді мұз басқан. Сол себепті іздестіру қиынға соғуда. Біз тұрғындардан қауіпсіздік ережесін сақтауға кеңес береміз. Жөндеу жұмыстарын жүргіземіз", - деп хабарлайды Оңтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel