RU
Шымкентте адамдардың кепілге алынғаны туралы хабарлама жұртты дүрліктірді

Шымкентте адамдардың кепілге алынғаны туралы хабарлама жұртты дүрліктірді

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласындағы Нұрсәт шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінде адамдардың кепілге алынғаны туралы мәлімет тәртіп сақшылары мен тұрғындарды дүрліктірді. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер хабарламаның жалған екенін анықтаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: engels-city.ru

Көрнекі фото: engels-city.ru

Анықталғандай қаңтардың екісі күні кешкі 19-30 шамасында Қаратау аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан белгісіз тұлғалардың тұрғын үйлердің бірінде адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шұғыл шақырылымға жедел жеткен полиция қызметкерлері шақыртудың жалған екендігін анықтаған. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде елді дүрліктіріп, жалған ақпарат берген тұрғын ұсталды.

Ол 1972 жылы туған жергілікті азамат болып шықты.

"Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаменті барлық қала тұрғындарын осыған ұқсас қылмысты жасауда жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және бұндай әрекеттерді жасамауды сұрайды", - деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
2
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel