RU
"218,5 млн еуро": Ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

"218,5 млн еуро": Ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) өзінің алгоритмі бойынша бес ірі еуропа лигасындағы ойыншылардың трансферлік бағасын есептеп шығарып, ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл туралы eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lavozweb.com

Фото: lavozweb.com

Зерттеу орталығы ойыншылардың 2019 жылдың 7-ші қаңтарындағы дәулетін есепке алған.

Сонымен ең қымбат футболшылардың көшін 20 жастағы "ПСЖ" ойыншысы Килиан Мбаппе бастады. Оның құны 218,5 млн еуроға бағалануда.

Екінші орынға "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн (200,3 млн) жайғасса, үздік үштікті Мбаппенің командаласы Неймар (197,1 млн) тәмәмдаған.

Тізімде екінші жыл қатарынан Африканың үздік ойыншысы атанған Мохамед Салах бесінші орында тұр.

Ал әйгілі Лионель Месси (171,2 млн) бұл рейтингте жетінші орыннан көрінсе, Криштиану Роналду 19-орынды қанағат тұтқан. Танымал футболшыны 127,2 млн еуроға сатып алуға болады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel