Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат жүргізуші куәлігін алуда емтиханды барынша қатаңдатуды талап етті

Опубликовано:

Елімізде жүргізуші куәлігін алу қиындауы мүмкін. Депутаттар Ішкі істер министрлігінен құжатты беру тәртібі мен емтиханды барынша қатаңдатуды талап етіп отыр. Өйткені, жол апатынан қаза тапқандардың саны азаяр емес деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: Patrul.kz
Көрнекі фото: Patrul.kz: Depositphotos

Gelandewageн жүргізушісінің кесірінен болған оқыс оқиғаны мысалға келтірген мәжіліс депутаты Павел Казанцев, көп жағдайда жол апатына көлік жүргізушісі кінәлі дейді.

Сондықтан Ішкі істер министрлігінен куәлікті оңайлықпен бермей, тәртіпті барынша қатаңдатуды талап етті. Мәжілісмен алдымен емтиханды қиындату керектігін айтады.

"Қазақстанда бейбіт күнде адамдар тура соғыс кездегідей қырылып жатыр. Оны Ауғанстандағы қанды қырғыннан жапа шеккендермен салыстыруға болады. Мәселен, былтыр жол апатынан 32 мыңнан астам адам қаза тапты. 20 мың 445 жан мүгедек болып қалды. Тәуелсіздік алғаннан бері 28 жылда 82 мың азаматты жоғалттық", - дейді мәжіліс депуаты Павел Казанцев.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772382-deputat-zrgizusi-kuligin-aluda-emtihandy-barynsa-katadatudy-talap-etti/

pixel