RU
Өскемендік полицейлер көшедегі өртті қар тасып жүріп сөндірген

Өскемендік полицейлер көшедегі өртті қар тасып жүріп сөндірген

Рассказать Вконтакте

Өскемен қалалық ПБ жол-патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары - полиция кіші лейтенанты Абдолданов Бекарыс пен полиция аға лейтенанты Мисин Дидар қызыл жалынды қар тасып жүріп сөндірген деп жазады AltayNews.kz.

өскемендік

Полиция кіші лейтенанты Абдолданов Бекарыс пен полиция аға лейтенанты Мисин Дидар. Фото: Алтайньюс

Олар 9 қаңтар күні сағат түнгі бір шамасында «Бекет-5» станционарлық бекетіне тәуліктік кезекшілікке түскен.

Өздерінің қарамағындағы аймақты бақылау барысында 45-дәріхана шағын ауданынан түтін шығып жатқанын байқап қалады.

Дереу оқиға орнына жеткен полицейлер жер асты жолының сатымен көтерілер тұсындағы бұрыш өртеніп жатқанын көреді.

Бірден қызыл жалынды сөндіруді ойлаған екі инспектор дереу «102»-ге қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметіне де хабар береді.

Тәртіп сақшылары өрт сөндірушілерді күтпестен сол маңда орналасқан қоқыс ыдыстарын босатып, солармен қар тасып, өртті сөндіріп үлгереді.

Қызметке келгеніне аз уақыт болған Абдолданов Бекарыс пен құқық қорғау саласында тәжірибе жинап үлгерген Мисин Дидар бұл істерін Ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде өздерінің міндеттері деп санайды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel