Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал футболшы Бауыржан Исламханға жұбайы қыз сыйлады

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан құрамасының және "Қайрат" клубының капитаны Бауыржан Исламхан екінші рет әке атанды. Футболшы жігіттің отбасында қыз бала дүниеге келген деп жазады NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Бұл қуанышты хабарды футболшының сүйіктісі өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген.

"Біздің кішкентай ханшайымымыз. 09.01.2019. Бүгін таңғы 8:15-те мен екінші мәрте ана атандым. Не деген бақыт. Біздің әлемге қош келдің қызым" , - деп жазды Еркежан Талғатбекова.

Желі оқырмандары қызды болған ата-ананы құттықтап, өз тілек-ниеттерін жаудырды.

Айта кетейік, бұл Бауыржан Исламханның екінші перзенті. Ерлі-зайыптылардың тағы Ибраһим есімді ұлы бар.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz: Facebook

Еске сала кетейік, бұған дейін Бауыржан Исламханның әйелімен ажырасып кеткені туралы қауесет тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1772420-tanymal-futbolsy-bauyrzan-islamhanga-zbajy-kyz-syjlady/

pixel