Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір самса - 500 теңге": Ақтау әуежайына айыппұл салынды

Опубликовано:

Ақтау халықаралық әуежайына дәмханадағы тамақ бағасы тым қымбат болғаны үшін бір жарым миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлайды КТК арнасы.

express-k.kz
Фото:express-k.kz: Facebook

Жолаушылар дәмханадағы бір самсаның бағасы 500 теңге екенін айтып, шағымданған.

"Монополиялық және үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша, құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік сот қаулы шығарып, қаулының қорытындысында 15 миллион монополиялық кіріспен табылған кіріске және үстем бөлекке бір жарым миллион айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді", - деді Маңғыстау облысы табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы Бақтияр Тұраров.

Монополияға қарсы департамент Ақтау әуежайымен бір жылға жуық соттасыпты.

Мамандар әуежайдағы жалғыз тамақтану орны нағыз монополияның ошағына айналғанын анықтаған.

Басқа бәсекелестері болмағандықтан тамақтану орнында өнімдер бағасы қалауларынша қойылған.

Енді сот шешімімен әуежай басшылығы кем дегенде екі дәмхананы іске қосуға міндеттелді. Сол арқылы баға да төмендетілмекші.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772422-bir-samsa-500-tege-aktau-uezajyna-ajyppl-salyndy/

pixel