Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тапаншамен селфи жасағысы келген жеткіншек өзін атып жіберді

Опубликовано:

Ресейдің Мәскеу облысында тапаншамен селфи жасағысы келген 13 жастағы қыз байқаусызда өзіне оқ атып жіберген деп хабарлайды Оbozrevatel.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vd-tv.ru
Көрнекі фото: vd-tv.ru: Facebook

Оқиға 5 қаңтар күні болған.

Үйінің екінші қабатында тапаншамен селфи жасауға ұмтылған қыз байқаусызда шүріппені басып жіберіпті.

Нәтижесінде, атылған оқ жасөспірімнің тура бетіне тиген.

Соның салдарынан қыздың астыңғы жағы сынып кетіпті.

Полицияның хабарлауынша, жараланған қыздың әкесінде суық қару ұстауға рұқсат қағазы болған.

Бірақ әкесі "тапаншаны сақтауда салғырттық танытты" деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1772423-tapansamen-selfi-zasagysy-kelgen-zetkinsek-zin-atyp-ziberdi/

pixel