Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай Шыңжаңдағы "лагерьде" 1 млн адам отырғанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды өлкесіндегі қайта тәрбиелеу орталықтарындағы адамдардың саны алдағы уақытта қысқарады. Бұл туралы Үрімшіде журналистермен өткен кездесуде осы өлкенің әкімшілік басшысы Шохрат Закир мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:Islam.kz
Фото:Islam.kz: Instagram

Кездесу шетелдік БАҚ өкілдерінің Шыңжаң-Ұйғыр өлкесіне сапары барысында өткен.

Қытай билігі алғаш рет журналистерге "тәрбие орталықтарында" болып, жұмысымен танысуға мүмкіндік берді. Қытайда бұл ұйымды ислам экстремизмінің ықпалына түскендерге кәсіптік-біліктілік білім беру және оқыту орталықтары деп атайды. 

"Оқу орталықтарында бір миллион адам бар" деп айтады. Адам шошытарлық сан. Білім беру ұйымдарында бір миллион адамның болуы мүмкін емес. Бұл ойдан шығарылған. Біз оларды қалай асыраушы едік? Орталықта тұру, білім алу тегін. Ал Шыңжаңда барлығы 20 миллион халық тұрады.

Орталықта оқитындар келіп-кетіп жатады. Біздің өзімізде нақты сандар жоқ. Ол күнде өзгеріп отырады.

Сондықтан басқа біреу орталықтағы адамдардың саны туралы қалай айта алады? Бұдан бөлек, алдағы уақытта оқыту орталықтарында адам саны азаяды. Бұл жердегі оқыту процесінің де аяқталатын кезі болады", - деді Шохрат Закир БАҚ өкілдеріне. 

Ол өз сөзінде оқу орталықтары қызметінің мақсатын түсіндірді. Айтуынша, бұл жерде заң, ресми ауызша және жазбаша тіл, арнайы еңбек дағдылары оқытылады.

Бұдан бөлек, оқу орталықтарындағы азаматтардың мәдени деңгейін үнемі арттыру арқылы экстремистік көзқарасты түп-тамырымен жою және оларды қазіргі заманғы өркениетті қоғамға араластыру міндеті қойылған.

Шенеунік оқу орталықтары адамның құқығын шектеуді көздемейді деп сендірді. Шыңжаң-ұйғыр өлкесінің үкіметі бұған көз жеткізгісі келетін кез келген халықаралық ұйымды қабылдауға дайын. 

"Қытай – БҰҰ-ның заңды мүшесі, ұйымның жарғысын қатаң сақтайды және адам құқығын сақтайтын әлемдік мемлекеттердің бірі болып қалады. 2018 жылы Шыңжаң өкілдері БҰҰ-ның адам құқығы тақырыбына арналған шараларына қатысып, жұртты өңірдегі ахуалмен таныстырды. Біз БҰҰ құрылымындағы кез келген ұйым мен басқа да қоғамдық ұйымдардың Шыңжаңдағы жағдаймен танысуға деген ниетін құптаймыз. Тек шынайы фактілерге негізделген объективтілікке үміттенеміз", — деді Шохрат Закир. 

ШҰАА басшысы Қытай Шыңжаңдағы адам құқығы тақырыбын елдің мүддесіне, тұрақтылығы мен дамуына зиян келтіру мақсатында пайдалану әрекетін құптамайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1772426-kytaj-syzadagy-lagerde-1-mln-adam-otyrganyn-zokka-sygardy/

pixel