RU
Ауыр күндерін еске алған Тамара Асар оқырманынан оңбай сөз естіді (фото)

Ауыр күндерін еске алған Тамара Асар оқырманынан оңбай сөз естіді (фото)

Рассказать Вконтакте

Өзінің жол апатына түскеннен кейінгі өмірі жайлы сыр шерткен Тамара Асарды желі қолданушысы аяусыз сынға алған. Өзіне ауыр сөздер айтқан оқырманына әнші Instagram парақшасында жауап қайтарды деп жазады NUR.KZ.

"Аяғымнан айырылған кезде бойжетіп қалған кезім", "Жұлынған аяғымды қолыма ұстап отырмын" деп қуып едің. Енді мынау? Осы Тамара сен әртүрлі өмірбаянды айтасың", - деп жазған желі қолданушысы.

Ал Тамара Асар болса өзінің жер-жебіріне жеткен оқырманына жауап қайтарған.

"Менің жүрген жолдарыммен сіз жүріп көрсеңіз, сынақтармен сіз сыналып көрсеңіз, мүмкін сынып кетерсіз. Мүмкін мен сияқты арман-мұратқа жетерсіз... Шіркін кім біледі? Ойлы оқырманның арасынан, осындай қисынсыз қисық ойлы комменттермен бөлісіп отырайын", - деп жазды әнші парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Тамара Асар мүгедектер арбасына таңылған күндерін еске алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асардың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
15
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel