RU
Қазақ футболшысы Ұлан Қонысбаев тегін қазақшалауға қарсы шықты
Жаңалықтар Спорт

Қазақ футболшысы Ұлан Қонысбаев тегін қазақшалауға қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Отандық белгілі футболшы Ұлан Қонысбаев тегі қазақша жазылғаны үшін ұйымдастырушыларға ескерту жасады деп жазады Prosports.

Ұлан Қонысбаев, фото: футболшының жеке парақшасы

Ұлан Қонысбаев, фото: футболшының жеке парақшасы

Бұл туралы Қонысбаев Instagram stories-ында хабарлады.

Белгілі болғаны, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен іс-шараға аяқдопшыны арнайы шақырыпты.

Ал шақыру қағазда оның тегі Қонысбай болып жазылған екен.

Футболшы болса "Қонысбай" деп қате жазылғанын жариялап, ұйымдастырушыларға ескерту жасады.

Ойыншы тегінің "Қонысбаев" болып жазылғанын дұрыс көретінін жеткізген.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков та тегінің қазақша жазылғанына қарсы болған.

Фото: Prosports.kz, футболшының парақшасы, коллаж: NUR.KZ.

Фото: Prosports.kz, футболшының парақшасы, коллаж: NUR.KZ.

Сіздің реакцияңыз
52
2
3
7
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel